Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

When

10:00 - 13:00, 7 Наурыз, 2020

Where

6 Блок, Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53

тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі

БАРЛЫҒЫНЫЗДЫ 2020 ЖЫЛЫ 7 наурызда АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАДЫ

Бұл Жер туралы ғылымдар саласына қызығушылық танытқан болашақ студенттер үшін оқытушылармен кездесіп, оқу және зерттеу орындарына бару мүмкіндігі. Ашық есіктер күні келесі іс-шараларды қамтиды: 

 - Бағдарламалардың жетекші оқытшылардың презентациялары; 

- Зертханаларға бару; 

 - Біздің бағдарламаларымыз туралы ақпарат алу үшін профессорлық-оқытушылық және оқуға қабылдау жөніндегі менеджермен кездесу; 

 Барлығыңзға есік ашық! Қатысу тегін!


Геология САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ БАКАЛАВРЫ

Геологтар мен геофизиктер жаңа минералды және көмірсутекті кен орындарын табу мен бағалауға, сондай-ақ жер асты сулары ресурстарын орнықты пайдалануға жауапты. Осы мақсатта олар жер қойнауы туралы терең білімдерін жаңа барлау технологияларымен бірге пайдаланады. Сондықтан бағдарлама түлектерінің жұмысқа орналасуға көптеген мүмкіндіктері болады, оның ішінде мұнай өнеркәсібінде, тау-кен өндіруші және барлау компанияларында және табиғат қорғау агенттіктерінде

ТАУ-КЕН инжинирингі САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ бакалавры

Тау-кен инженерлері ғылым мен техниканы қолдана отырып пайдалы кен орындарын жоспарлау, жобалау және пайдалану үшін жауапты болады. Олар тау-кен циклінің барлық кезеңдеріне қатысады, жаңа кен орындарын ашудан бастап, кеніштерді жобалау және салу, пайдалы қазбаларды өндіруді басқару, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кенішті жабу операциялары арқылы олардың экономикалық тиімділігі туралы шешім қабылдайды

мұнай-газ ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ бакалавры

Мұнай инженерлері мұнай мен газ қабаттарынан көмірсутегі ресурстарын өндіруге жауап береді. Олар нәтижесінде энергетикалық қауіпсіздік пен әлеуметтік-экономикалық жетістікке әкелетін маңызды технологиялық міндеттерді шешуге қабілетті. Инженерлік қызметтің осы күрделі және пайдалы саласы геология, математика, физика, химия және қоршаған ортаны қорғау ғылымдарын қоса алғанда, көптеген білім аясын шығармашылықпен қолдануды талап етеді

Тау-кен инжинирингі саласындағы ғылым магистрі

Бағдарлама пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды жоспарлайтын, жүргізетін және басқаратын инженер мамандары даярлауға, сондай-ақ қауіпсіз, экологиялық және экономикалық тұрғыдан үнемді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында тау-кен өнеркәсібіне қолдау көрсету үшін зерттеу дағдыларын және білімді дамытуға бағытталған

Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым магистрі

Бағдарлама мұнай инженериясымен байланысты жұмыстарды операцияларды жобалайтын, пайдаланатын және басқара білетін, сондай-ақ мұнай-газ саласына сенімді, қауіпсіз және тұрақты мұнай өндірісі мен қорларын басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мұнай-газ саласына қолдау көрсету үшін зерттеу дағдылары мен білімдерін дамыта алатын инженер мамандарды даярлауға бағытталған

Тау-кен инжинирингі саласындағы PhD бағдарламасы 

Тау-кен инжинирингі саласындағы PhD бағдарламасы пәнінің кез-келген бөлімінде академиялық, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу саласында мансапты жоспарлайтын адамдар үшін жоғары деңгейлі білімдер мен терең білім беру базасын ұсынады

мұнай-газ ісі саласындағы PhD бағдарламасы

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің мұнай-газ ісі саласындағы PhD бағдарламасы мұнай-газ ісі саласындағы академиялық, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу салаларында мансапты жоспарлап отырған адамдарға жоғары деңгейдегі білімдер мен сарапшылар деңгейінде терең білім базасын ұсынады.

Байланыс Ақпараттары

Оқуға қабылдау сұрақтары бойынша
dtukayeva@nu.edu.kz
+7 7172 706689

Instagram: nusmg

Вебсайт: smg.nu.edu.kz

Мекен-жайымыз: Назарбаев Университеті, 6 Блок Қабанбай Батыр көшесі, 53, Нұр-Сұлтан қаласы 010000 Қазақстан Республикасы